30.05.2023
«Қазақ жұртының қасіреті» көрме-диалог
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Қазақ жұртының қасіреті» атты көрме-диалог жасақталды. Шараға Қылмыстық атқару жүйесі Департаменті қызметкерлері, Х.Досмұхамедов атындағы Филология факультетінің 2-курс студенттері қатысты. Кітапханашы ашаршылық және зиялы қауымдардың репрессияға ұшырауы, кіші қазан төңкерісі туралы көрме-диалогта сұрақ-жауап жүргізіп, сонымен қатар оқырмандар назарына деректі фильм көрсетіліп, кітап көрме таныстырылды.
Мақсаты: Оқырмандарға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіру, қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы кітаптарды насихаттау, олардың есімдерін құрметтеуге, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу.