08.07.2021ж.
«Балық шаруашылығы – байлық көзі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы Балық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Балық шаруашылығы – байлық көзі» атты онлайн ақпаратты пайдаланушылар назарына ұсынады.
Кітапханашы балық шаруашылығы туралы, балықшылырдың тыныс- тіршілігі еңбектерін айтып өтті. Оқырмандар назарына Қазақстан суларында өзен, көл, тоғандарда өсірілетін балықтар, олардың қазіргі жайы мен болашағы, республикамыздың балық шаруашылығының өркендеу жолдары туралы қамтылған К.Күленовтің «Қазақстанда балық қорын молайту» («Қайнар», 1975), Қ.Қайымовтың «Балықтар әлемінде» («Қайнар», 1973), С.Қаженбаевтың «Өнеркәсіптік негізде балық өсіру:мүмкіндік пен тиімділік» («Қайнар»,1986), К.Күленовтің «Қазақстанның балық байлығы», Т.Телеуғалиевтің «Балық өсіру», Қ.Жүсіп, Б.Жанет «Балық шаруашылығы терминологиясының қысқаша түсіндірме сөздігі» (Атырау,2012), Жайық-Каспий аумағында кеңес үкіметі кезінде балық өндірісінің қалай құралғаны туралы айтылған Ахмет Қарақұловтың «Баламасы жоқ байлық» (Атырау,2003), Балықшылардың тыныс-тіршілігі мен еңбектері және олардың бастарынан кешкен қиын-қыстау кездері,қайыспас қайсар ерліктері туралы айтылған С.Оқасовтың «Балықшылар», «Теңіз тарландары» және т.б. әдебиеттерді ұсынамыз.
Мақсаты: Балық шаруашылығытуралы әдебиеттердінасихаттай отырып, осы кәсіпке жастардың қызығушылығын қалыптастыру.