КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

22.09.2021 ж.

«Биіктей берер бір тұлға»

 

     Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында көрнекті жазушы Ғабдол Слановтың туғанына 110 жыл толуына арналған  «Биіктей берер бір тұлға» атты тақырыптық конференция ұйымдастырылды. Конференцияға  қатысушылар назарына Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Атырау өңірінің мақтанышы» атты жылжымалы көрмесін ұсынды. Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ғалымдары мен оқытушылары,  Назарбаев Зияткерлік Мектебінің және Атырау облысы Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылындағы Ғ.Сланов атындағы орта мектептің пән мұғалімдері, Атырау қаласындағы кітапханалардың мамандары, сонымен қатар, онлаин форматында  облыстағы барлық аудандық ОКЖ мамандары қатысты.  Конференцияда сөз алған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Сапиқызы Жұмабаева, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Зейнолла  Жақсылықұлы Мүтиев, журналист, жазушы, Облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы  Назарбек Төлеуішұлы Қосшиев, ақын, геология-минерология ғылымдарының докторы Нәсіпқали Сейітов, сондай-ақ, онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы ақын, жазушы, Халықаралық   және   ҚР  Жазушылар  одағының  мүшесі, ҚР  Құрметті  журналисі  Төлеген Жаңабайұлы Жаңабай жазушы шығармашылығы туралы, өнегелі өмір жолы жайында мағлұматтарды ортаға салып, салиқалы пікірлерін білдірді.

Мақсаты: Оқырмандарды  жазушы  Ғ.Слановтың өмірлік деректерімен, әдеби мұрасымен таныстыра отырып, шығармаларын оқуға қығушылығын тудыру.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3060330904208413&id=1699390660302451&m_entstream_source=timeline

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки