26.04.2022 ж.
«Бір ел-бір кітап-2022»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Бір ел-бір кітап-2022» республикалық акциясы аясында жазушы, қоғам қайраткері ,ақын, қазақтың тұңғыш әдебиет теоретигі, түркітанушы, аудармашы, ағартушы – ғалым А.Байтұрсынов шығармаларын насихаттау мақсатында ақпараттық сағат өткізілді.
Алаштың біртуар азаматы Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек елді мекенінде дүниеге келген. Тумысынан аса талантты Ахмет ауыл мектебінен сауат ашады. Орынбордағы мұғалімдік мектепте төрт жыл оқып, Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде мұғалім болып жұмыс істейді. Жастығына қарамастан терең білімді, білікті, еркін мінезді, ойшыл Ахмет ел ішінде беделі өсе бастайды.
Ахмет Байтұрсынұлының саяси күрес жолына түсуіне 1905 жылғы патша манифисі себепкер болды. Ол қазақ халқының мүддесі туралы жазылған Қарқаралы петициясының авторларының бірі болды. Ұлтты саяси күреске оятудың бірден бір құралы – газет шығару деп білді. 1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін шығара бастады. Алаш қозғалысы тұсында Ахмет Байтұрсынұлы ұлт азаттығы жолындағы күрес басшылырының сапынан табылды.
1912 жылы ана тілімізде тұңғыш әліппеміз «Оқу құралын» жазды. Содан соң «Тіл құралы» атты оқулығын жазды. Тіл білімі, әдебиеттану терминдерін тұңғыш қалыптастырған «Қазақ терминологиясының атасы» ретінде белгілі.
Ақпараттық сағатпен Атырау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары мен облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығынан оқырмандар қатысып, тыңдады.
Мақсаты: «Ұлтының ұстазы» атанған А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы оқырмандарға кеңінен насихаттау.