15.05.2023
«Әдебиеттанушы ғалым» кітап көрмесі
Ғ.Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханасында әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Зәки Ахметовтің туғанына 95 жыл толуына орай «Әдебиеттанушы ғалым» атты кітап көрмесі мен библиографиялық шолу ұйымдастырылды.
Заки Ахметұлы Ахметов 1928 жылы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Ұзынбұлақ қаласында дүниеге келген. 1943 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түседі. Оның одан әрі тағдыры Ленинградпен байланысты, ол Шығыстану институтының аспирантурасында оқиды. Осы уақытта оның алғашқы ғылыми-теориялық жұмыстары шығады.
Заки Ахметов өз шығармаларында тақырыптардың кең спектрін қамтыды. Бұл қазақ поэзиясы, сондай-ақ ұлттық проза мен лириканың басқа халықтардың әдебиеттерімен байланыстырды. Негізгі еңбектері қазақ әдебиетінің теориясы мен тарихына арналған. Абайтану мен Әуезовтану мәтіндік және тарихи мәселелері бойынша бірқатар жұмыстар атқарды. Ғалым өз өмірінде 300-ден астам ғылыми зерттеулер мен 12 монографиялар жазды. Қазақ өлеңінің өзгешеліктері мен құрылымын зерттеудің ғылыми жүйесін жасады.
Библиографиялық шолу барысында кітапханашы әдебиеттанушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, оқырмандар назарына көп томдық басылымдарды ұсынды. Көрмеге «Таңдамалы шығармалары», «Абайдың ақындық әлемі», «Поэзия шыңы-даналық», «Абай және Лермонтов», «Өлең сөздің теориясы», «Казахское стихосложение», «Роман-эпопея Мухтара Ауэзова», «Современное развитие и традиции казахской литературы» және т.б әдебиеттер қойылды.
Мақсаты: оқырмандарды қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым Заки Ахметовтің шығармашылығымен таныстыру.