24.09.2021ж.
«Еңбек еткеннің мерейі үстем»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 30 қыркүйек - Еңбек күніне орай «Еңбек еткеннің мерейі үстем» атты кітап көрмесі жасақталды. Кітапханашы оқырмандарға кітап көрмесін таныстыру барысында ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркенденуінің негізі» атты Жолдауын /2019 ж./, «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Заңын /2005/, А.Айталының «Ұлт мұраты: депутат көзқарасы» /2003/, О.Көшековтың «Ер қадірі – еңбекте» /1997/, Қ.Смадияр мен Б.Сисеновтың «Хисметовтар әулеті» /2015/, орыс тілінде З.Оразатаеваның «Агробизнес в Казахстане» /2009/, «Социальная активность молодежи в сфере труда» /2014/, Ж. Аманжоловтың «Охрана труда» /2014/ т.б. әдебиеттерді әңгімесіне арқау етті.
Мақсаты: Оқырмандарға тек еңбек арқылы жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру, оқырмандарды адал еңбекке баулу, еңбек адамдардын сыйлай білуге тәрбиелеу.