24.02.2022 ж.
Э.М.Ремарк «Триумфальная арка»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында көрнекті неміс жазушысы Э.М.Ремарктың «Триумфальная арка» романы бойынша пікірталас ұйымдастырылды.
Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Көптілді білім беру факультетінің декан орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Атаханова Нұрасила Амангелдіқызы мен осы университеттің Шеттілдерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Тлеугалиева Айман Таймановна және Көптілді білім беру факультетінің студенттері қатынасты.
Шығарманы талдамас бұрын оқырмандар Э.М.Ремарктың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, Германияда оның шығармаларын оқуға тиым салып, өртегенін, өз елінен қашып шығып, шетелде өмір сүргенін, үнемі қудалауда болғанын айтып өтті. Себебі, ол тек қана шындықты жазған жазушы еді. Шығарма желісі бойынша ой қозғаған оқырмандар бас кейіпкер бірінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан неміс хирургі Равичтің Франция еліндегі өмірі, эмигранттардың арасындағы беделі мен абыройы жайлы сөз болады. Итальян актрисасы Жоан Мадумен бас қосып, бірнеше хикметтерді басынан кешіреді. Шығарманы талдауда студенттер белсенділік көрсетіп, әр кейіпкерлерді анық суреттеп, ойларын ортаға салды.
Мақсаты: Э.М.Ремарктің шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттай отырып, әлем әдебиеті туындыларын оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3177783099129859&id=1699390660302451