7.06.2022 ж.
«Ей, болашақ, тыңда, атыңның бұр басын»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ақын, драматург Иран Ғайыптың (Оразбаев Иранбек) туғанына 75 жыл толуына орай «Ей, болашақ, тыңда, атыңның бұр басын» атты тақырыппен өлеңдер шеруі ұйымдастырылып, шығармаларынан кітап көрмесі жасақталды.
Иран Ғайып адам, қоғам, өмір деген терең мағыналы ғылымды жете меңгерген ақын. Ақынның қоғамға көзқарасы оның жырларындағы алтын діңгек. Оның өз мұңына айналып кеткен халық мұңы жырларынан айқын көрініп тұрады. Автордың драматургиясы поэзиясының заңды жалғасы десе де болады.
Кітапхана оқырмандары, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Қазақ тілі және әдебиеті мамандығының студенттері Сәрсекова Әсемгүл, Болатова Жайна, Жұмашева Ақбота, Қибашева Аружан, Исатаева Дильназ, Хисметоллаева Жанеркем, Сүйіндікова Дильназ Иран Ғайыптың өлеңдерінен жыр шеруін оқырмандар назарына ұсынды.
Мақсаты: Ақын Иран Ғайыптың өмірдің ақ пен қарасы туралы, ақиқатқа толы ақ жарма өлеңдерін оқырмандарға насихаттау.