18.08.2021 ж.
«Ел тыныштығының кепілі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 18 тамыз – Шекарашылар күніне орай «Ел тыныштығының кепілі» атты онлаин бейне жазба ұсынылды. Бейнежазбада кітапхана қызметкері оқырмандарды кітап көрмесінен орын алған әдебиеттермен таныстырып, шекарашы сарбаздардың ерлігі, жауапкершілігі, адалдығы туралы баяндап, елдердің арасындағы шекаралық қарым-қатынасты, халықаралық қауіпсіздігіміздің маңыздылығы туралы мағлұмат берді. Оқырмандармен сұхбат барысында екі тілде жарық көрген А.Тасболатовтың «Жоғары бас қолбасшы-әскери қауіпсіздік кепілі», «Верховный главнокомандующий - гарант военной безопасности» (2011), А.Садуақасовтың «Отан сақшылары» (1989), К.Аманжолов пен А.Тасболатовтың «Қазақстанның әскери тарихы» (2008), З.Аманжоловтың орыс тілінде жазылған «Правда о государственной границе Республики Казахстан» (2014), М.Е.Шайхутдиновтың орыс тілінде «Казахстан и Россия в новых геополитических координатах» (2005), Д.Нурпеисовтың «Национальная безопасность: правовой аспект» (2003) атты кітаптарымен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалаларды тілге тиек етті.
Мақсаты: Шекара қызметі туралы, халықаралық қауіпсіздігіміздің маңыздылығы жайындағы әдебиеттерді насихаттай отырып, жастарды отаншылдыққа баулу.
https://m.facebook.com/watch/?v=533943137719353&_rdr