12.01.2022 ж.
«Елін танытқан Ер»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының (Көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған) Арнаулы бөлімінде қазақтың біртуар тұлғасы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Елін танытқан Ер» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Оқырмандарға Д.А.Қонаевтың өмір жолы, еңбектері және елге жасаған игі істері мен алған марапаттары туралы кітапханашы Ш.Бірімжанова баяндады. Мәліметтер Қазақстан энциклопедиясынан, ғаламтор желісінен, мерзімді басылымдардан, атап айтқанда Дінмұхамед Қонаевқа арналған "Аңыз адам" журналының (2017 ж. №24) арнайы нөмірінен алынды.
Мақсаты: Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың артында қалдырған мол мұрасы мен өмір жолы туралы мағлұмат бере отырып, оларды отаншылдыққа елжандылыққа баулу.