КАЛЕНДАРЬ 2025
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

21.09.2022

«Ғұлама ғұмыр айнасы»

 

   Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай «Ғұлама ғұмыр айнасы» атты тақырыптық конференция өтті.

М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Байешева Ғалия Сәлімжанқызы баяндап, конференция барысында қонақтарға сөз беріп, жүргізіп отырды.

Конференцияға «Белсенді ұзақ өмір сүруді қолдау» орталығының мүшелері, көркемдік жетекшісі Масалимова Салтанат Мұрасбекқызы М.Әуезовтің «Философияның жәй-күйі туралы» баяндама жасап, Д.Досжанның «Мұхтар жолы» кітабы бойынша ой бөлісті. 

С.Зиманов атындағы №37 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірғалиева Ағила Серікқызы М.Әуезовтің «Алғашқы кезеңдегі шығармалары» туралы баяндама жасап, 11 сынып оқушылырымен қатынасып пікір алмасты.

Мерзімді басылымдар бөлімінің кітапханашысы Искакова Ақтолқын «Әуезов – әңгіме жанрында» әйел тақырыбына жазылған әңгімелері туралы, Өнер бөлімінің кітапханашысы Мұханова Айман «М.Әуезов – драматургияда» драмалық шығармалары хақында мәлімет берді. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Нсанбекова Бике Карипқызы «М.Әуезовтің мақалалары хақында» ақпарат беріп, М.Әуезовтің 50 томдығының алғашқы 10 томына шолу жасады.  

Мақсаты: Алаш қозғалысының қайраткері, әлем таныған жазушы Мұхтар Әуезовтің шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02cDV5axTWpwy2CHyYFZcSkM6QUkR7iKrfiYoSewaM3TFXuVRbd5SzE9YMNKFJHrv6l&id=1699390660302451

 

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки