КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

24.11.2021 ж.

«Қасірет пен тағдыр»

       

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай «Парасат жолы» орталығында, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, Халықаралық «Алаш сыйлығының иегері» Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» кітабынан әдеби-қонақжай кеші ұйымдастырылды.

Кешке Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мамыт Айдос Жанұзақұлы, «Парасат жолы» орталығының мүшелері: ақын,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар Одағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлы, Еңбек ардагері, Атырау қаласының құрметті азаматы Сүлейменов Сүйеғали Рахымұлы, тарихшы-өлкетанушы Аманғали Әміржанұлы,   «Белсенді ұзақ өмір сүруді әлеуметтік қолдау» орталығының ұйымдастырушысы Масалимова Салтанат Мұрасбекқызы мүшелерімен және Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі  мұғалімі  Қапанова Жанерке Бақытбекқызы студенттерімен қатынасты.

Сәуле Досжанның бұл кітабында  халқымыздың басына қайғы салған Семей полигоны мен одан келген зардап пен зауал жайлы жазылады, Полигон зардабын тартқан қасіретті Ананың зарын, оған қарсы шыққан қайсар Ананың өр рухын бейнелейді.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы(КСРО) заманында Қазақстан аумағында атом бомбасы сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысында адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей задабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды.  Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Кітапханашы Байешева Ғалия Сәлімжанқызы С.Досжанның «Қасірт пен тағдыр» кітабында бас кейіпкер Аяулымның басынан өткен қызығынан қиындығы көп, күлкісінен күңіренгені көп оқиғалар тізбегін шара қонақтарының қатысумен талқылап, Семей өңіріндегі ядролық жарылыстың адамзат баласына жасалған үлкен қиянат екенін, бас кейіпкерлер, жас отбасы  Аяулым мен Әмірдің қасірет пен мұңға толы өмірі арқылы, жарымжан, кемтар сәбилердің өмірге келуі, оның жүздеген жылдарға созылатын зардаптары жайлы жазылған шығарма шара қонақтарын бей-жәй қалдырмады. Шара қонақтары Жылқышиев Қойшығұл Өмірұлы, Сүлейменов Сүйеуғали Рахымұлы, Аманғали  Әміржанұлы және де колледж мұғалімі Қапанова Жанерке Бақытбекқызымен студенттері ой-пікірлерін ортаға салды.

Мақсаты: Қазақ жеріндегі Семей полигоны туралы ащы шындықты баяндап жазған Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» кітабын оқырмандарға кеңінен насихаттау. 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3109223922652444&id=1699390660302451

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки