4.07.2022 ж.
«Қазақ әдебиетінің тарланы»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толуына орай «Қазақ әдебиетінің тарланы» атты тақырыппен кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Мұхтар Шаханов - көптеген өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. «Махаббат заңы», «Сенім патшалығы», «Сократты еске алу түні» атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтматовпен бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» атты эссе кітабы мен «Сократты еске алу түні» драмасы көптеген тілдерге аударылған.
Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996) атағының иегері.
Кітап көрмесіне: М.Шахановтың Сенім патшалығы «Жалын» 1977, Ғасырларды безбендеу Жазушы» 1988, М.Шаханов таңдамалы жырлар Алматы,1992, Жаңа қазақтар «Білім» 2000, Компьютер басты жарты адамдар «Нұрлы әлем» 2003, Дара талғам қасіреті (поэмалар, өлеңдер,балладалар, әндер) «Раритет» 2007, Құз басындағы аңшының зары «Рауан» 1997, Мұхтар Шахановтың әндері мен жұрт жатқа айтып жүрген жырлары Алматы, 2014 және оры тіліндегі шығармалары Лики времен Алматы 1982, Книга памяти «Жалын» 1984, Время стрелять из лука «Советский писатель» 1988, Заблуждение цивилизации «Жазушы» 2000, Космоформула карающей памяти «Білім» 2001, Три уровня высоты «Аударма» 2010. М.Шахановтың өмірі мен шығармашылығы туралы: Е.Кәпқызы «Ой түбінде жатқан сөз» 2013, С.Ғалымұлы «Бостандық пен бодандық» 2020, Р.Бердібай «Түбі бір түрікпіз» 2018, Т.Шапай таңд. 1 том. 2017, Д.Ысқақұлы «Рухани толғамдар» 2015, С.Айбергенова «Тоғысқан тағдырлар» 2020 т.б. шығармаларымен кітапхана оқырмандары жақын танысып, тамашалады.
Мақсаты: Ақын, тіл жанашыры, өз ұлтының патриоты М.Шахановтың рухты өлеңдері мен әндерін оқырмандарға насихаттау.