11.08.2022 ж.
«Құрыш білек майталмандар»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 14 тамыз – Құрылысшылар күніне орай «Құрыш білек майталмандар» атты жылдам көрме ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына қазіргі заманғы ғылыми техникалық жетістіктер мен құрылыс өндірісіндегі әртүрлі тәсілдер жинақталған, ғимараттар салудың теориялық негіздерімен таныстырып, ұсыныстар жазылған С.Қ.Хамзиннің «Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы» (Алматы, 1994), Н.Разақовтың «Ғимараттар мен имараттардың құрылымдары» (Астана, 2017), Ә.Унасбековтың «Құрылыстық жылу физикасы» (Алматы, 2018), Д.Б.Дүрмановтың «Құрылысшы» (Астана, 2019) орыс тілінде В.М.Бондаренко мен Д.Г. Суворкинның «Железобетонные и каменные конструкции» (Москва, 1987) атты және т.б әдебиеттер ұсынылды.
Мақсаты: Оқырмандарға құрылыс саласының ел экономикасындағы алатын маңызы туралы ақпарат беру.