3.10.22
«Кең ойлы кемеңгер»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ілияс Омаровтың туғанына 110 жыл толуына орай «Кең ойлы кемеңгер» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
Ілияс Омаров 1912 жылы Қостанай облысының Урицкий ауданында дүниеге келді. Мемлекет және қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы, жазушы, публицист. Ілияс Омаров жастайынан тағдыр тауқыметін көріп өседі. 1933 жылы Ташкенттегі Орта Азия жоспарлау экономикалық және сауда – тауар ісі институтын бітіреді. 1933-1936 жж Қызылорда сауда техникумының директоры болып қызмет атқарады. Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1947-1952 жж. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы міндеттерін атқарады. 1952-1955 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің кеңесшісі, 1961-1967 жж. Қазақ КСР министрлер Кеңесі Мемлекеттік Жоспарлау Комитетінің төрағасы. Ілияс өзінің біліктілігі мен жауапкершілігі арқасында үлкен сенімге ие болып, қызметте өсе бастайды. Қазақ әдебиеті мен көркем өнерінің тарихы, жай-күйі жөніндегі көптеген публицистикалық, әдеби-сын еңбектерінің авторы. «Қазақ КСР тарихының» толықтырылған екінші басылымының (1949) жалпы редакциясын басқарды. Ілияс Омаров Ленин орденімен және де үш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
Кітап көрмесіне жазушының «Серпін» Сын мақалалар. «Жазушы», 1970ж. Бұл жинаққа автордың жолжазбалары, өнер қайраткерлері жайындағы естеліктері, зерттеу еңбектері еніп отыр. «Шабыт шалқары» Сын мақалалар. «Жазушы», 1973ж. Жинақта көркем әдебиет пен көркем өнер туралы жазылған. Әдеби толғамдар «Жазушы», 1988 ж. Бұл кітапқа сын, мақала, зерттеулері еніп отыр. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы: М, Қозыбаев шығармалары 3 том, Б.Майлин 13 том, Ғ.Қайырбеков көп томдық. 9 том, Қ.Аманжолов таңдамалы шығармалары оқырмандар назарына ұсынылды.
Мақсаты: Әдебиет саласының майталманы Ілияс Омаровтың шығармашылығы туралы оқырмандарға туындыларын ұсынып, кеңінен насихаттау.