17.09.2021 ж.
«Кемел ойдың көкжиегі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жазушы Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» шығармасы бойынша «Кемел ойдың көкжиегі» атты тақырыпта оқырмандар ойталқысы ұйымдастырылды.
Жазушының «Отамалы» шығармасын талдау үшін Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, көптілді білім беру факультетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканының орынбасары, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Атаханова Нұрсила Амангелдіқызы және осы факультеттің Қазақ филологиясы білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері: Махсотова Шұғыла, Жандолова Нұрай, 2 курс студенттері: Жакупова Лаура, Есенжанова Ақмарал, Бауыржанова Гүлдариға, Жаңабай Мөлдір, 3 курс студенттері: Сембиева Жұлдыз, Мұратова Камилла, Болатова Балауса қатысып, автордың өмірі мен шығармашылығына шолу жасады.
Мақсаты: «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында жазушы Тобық Жармағамбетовтың «Отамалы» шығармасын насихаттай отырып, оқырмандарды көркем әдебиетті оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3056382217936615&id=1699390660302451