12-22. 09. 2016 ж.
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 22 қыркүйек- Қазақстан халықтары тілдері күніне орай кітапхананың ашық алаңында «Кемел тілдің болашағын шарлайық» деген тақырыптағы кітап көрмесі бойынша «Тіл достықтың арқауы» атты ақпараттық сағат өткізілді. Тіл мәртебесі мәселесін қамтитын «Ана тілім- ардағым» (1990) кітабы, А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» (1992), «Тілім деп өмір сүріп ем» (2000), «Тіл саясаты, тағлым мен тәжірибе» (2005), Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлының «Ана тіл, ана сүтім, арым менің» (2007), «Мемлекеттік тіл және аударматанудың өзекті мәселелері» (2011), А.Османның «Тіл тәуелсіздігі- ел болашағы» (2011), «Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі қазақ тіл білімі» (2011), М.Серғалиевтің «Тілім менің тінім менің» (2013) және т.б. көптеген тіл туралы нақыл сөздер, көптеген ақын-жазушылардың өлеңдері жинақталған әдебиеттермен толықтырылды.
Мақсаты: Әрбір Қазақстан азаматы үшін ана тіліміздің орны ерекше екенін түсіндіріп, ана тілінің қадір – қасиетіне, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру.