4.03.2022 ж.
«Халқының сүйікті әншісі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында талантты әнші, Қазақстанның халық әртісі Жамал Омарованың туғанына 110 жыл толуына орай «Халқының сүйікті әншісі»тақырыбында ақпаратты сағат ұйымдастырылды. Шараға Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 2 курс студенттері қатысты. Кітапханашы шара барысында қазақ ұлттық операсымен ән мәдениетін дамытуға зор үлес қосқан Жамал Омарова туралы мәліметтерді әңгімесіне арқау етті. Сондай-ақ, шарада оқырмандар назарына әнші Жамал Омарова туралы «Жәдігер» атты деректі фильм ұсынылды.
Мақсаты: Ән өнерінің майталманы Жамал Омарованың өнегелі өмір жолы туралы оқырман қауымға таныстыру арқылы өнер туралы әдебиеттерді оқуға қызығушылығын қалыптастыру.