КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

28.06.2022 ж.

«Халықтың сөзін сөйлеген...»

        

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай «Халықтың сөзін сөйлеген...» атты кездесу кеші өтті.

            Кездесу кешіне Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт-2004» фестивалінің дипломаты, Т.Амандосов атындағы Атырау облысы әкімі сыйлығының иегері, «Атырау»  қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Қосшиев Назарбек Төлеуішұлы және Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау университетінің филология факультетінің студенттері қатынасты.

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Байешева Ғалия Сәлімжанқызы Назарбек Төлеуішұлының  бұқаралық ақпарат саласында еңбек жолы  Атырау облыстық телерадиокомпаниясынан  бастап, «Қазақстан РТРК»  филиалында телеоператор, диктор,  «Атырау ТОDAY» және «Дендер» газеттерінің  бас редакторы,  Атырау қаласы әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Атырау телевизиясында «Хазардан қазаққа дейін..» атты тарихи-танымдық жобаның авторы т.б қызметтері туралы айта келе, кеш қонағына сөз берді.

            Мектеп қабырғасында-ақ қоғамдық жұмыс десе жанып тұратын, мерекелік кештер мен концерттік бағдарламаларды жүргізіп, көзге түскен Назарбек Төлеуішұлының қабілеттілігі қазіргі ақпарат саласындағы қызметінің  алғашқы баспалдағы болды десек қателеспейміз.

            Назарбек Төлеуішұлы ақпарат саласында қызмет істей жүріп, тарихи-танымдық бірнеше кітап жазды.

            Қаймағы бұзылмаған Қызылқоға өңірінің біртуар азаматтары туралы: «Антқа адалдық» (Атырау облысына танымал Ленин орденді фельдшер Қоңыр Таңқиевтың қызметі мен адами қасиеттері суреттеледі), «Шымырлыққа шыңдалу» (Бұл кітапта ұлағатты ұстаз, қоғам қайраткері, мәдениет саласының майталманы Кәдірғали Қоңырұлы Таңқиев туралы айтылады), «Жайықтағы өмір аралы» (Қарапайым еңбек адамы Нияз Ыбырашұлының  қиындыққа толы өмір жолы сөз болады), «Арғы дәуір аманаты» (Қызылқоға жерінде болған тарихи оқиғалар мен танымал тұлғалар Асау Тұрлан туралы деректер) т.б. кітаптарымен қатар Қызылқоға өңірінен шыққан талантты журналист  Хамит Әубәкіровтің  «Сырлы баян» кітабында «Елдің сөзін сөйлеген» атты естелік әңгіме және «Сүйікті жар, асыл ана Ақ Күләш» атты естелік (ұлағатты ұстаз Гүлжан Құлетқызының өнегелі еңбек жолы туралы) кітаптары біздің кітапхана қорынан орын алған.

«Атырау» газеті халықтың көзі мен құлағы десек те болады, - деп, ойын қорытқан ақпарат саласының сардары Назарбек Төлеуішұлымен өткен кездесу кеші оқырмандардың сұрақтарымен жалғасын тапты.

Мақсаты: Байланыс және ақпарат қызметкерлері және олардың тынымсыз еңбектері туралы әдебиеттерді оқырмандар назарына ұсынып, насихаттау.

 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid022D6jMTy1Mtr19jGJ8WRTkm9yvpqgbJBP2PYeByvdhq6jQyvbqzDKYX5UrYUJD74al&id=1699390660302451

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки