25-26-27.08.2020 ж.
«Конституция - кемел келешек кепілі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай «Конституция - кемел келешек кепілі» тақырыбындағы виртуальды кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ата Заңымыздың айшықты беттерінен көрініс беретін кітаптар мен ақпараттық басылымдар оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап көрмесімен таныстыру барысында «Қазақстан Республикасының Конституциясы», Қ.Омархановтың «Қазақ елінің дәстүрлі құқығы», Ж.О.Артықбаевтың «Жеті жарғы» - мемлекет және құқық ескерткіші», «Қазақтың ата заңдары», С.Сартаевтың «Ар мен дар алдындағы сөз», Ө.Қопабаевтың «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы», «Ғылымдағы ғасыр абызы» (Академик Салық Зиманов), Ө.Ақыпбекұлының «Қара қылды қақ жарған», Қ.Еламановтың «Шаңырақ пен пырақ», Г.Сапаргалиевтың «Конституционное Право Республики Казахстан», «Конституционные законы Республики Казахстан», А.К.Абельдиновтың және О.К.Копабаевтың «Конституционное право зарубежных стран» және тағы басқа әдебиеттер туралы мағлұматтарды әңгімесіне арқау етті.
Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы Ата Заңның маңыздылығы мен тарихы туралы әдебиеттерді насихаттай отырып, Ата Заңды құрметтеуге тәрбиелеу.
https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2749326728642167/