15.08.2022 ж.
«Әлем халықтарының археологиясы»
Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 15 тамыз - археологтар күніне орай «Әлем халықтарының археологиясы» атты слайдшеру жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды. Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Көптілді білім беру факультетінің 2-курс студенттері қатысты. Слайдшеруде Атырау облысының тарихи және мәдени ескерткіштері жайлы және көне Сарайшық қалашығынан табылған құнды жәдігерлер туралы мәліметтер қамтылды. Сондай-ақ, кітапханашы оқырмандарға археология ғылымының шығу тарихы туралы әңгімелеп берді.
Мақсаты: Адамзат тарихының дамуын, тарихын жан-жақты қамтитын және дамуының заңдылықтарын зерттейтін тарих ғылымының бір саласы ретіндегі археология туралы әдебиеттерді насихаттай отырып, оқырмандардың археология саласына қызығушылығын қалыптастыру.