3.03.2021 ж.
«Әлемді әлдилеген Әйел»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әлемді әлдилеген Әйел» тақырыбында мамандармен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шара барысында кеш қонақтары құрылыс саласының ардагері, өз мамандығының майталманы Гүлжан Кененқызы Даулеткалиева, Каратэ-до жаттықтырушысы, Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі Светлана Жұмабайқызы Сұлтанова, ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бас маманы Ақмөлдір Жәнібекқызы Бағытжанова, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының №5546 әскери бөлімі» РМК Тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар бөлімшесі бастығының аға көмекшісі лейтенант Малика Серікбайқызы Шынжігітова оқырмандармен өз мамандықтарының қыр-сыры туралы ой бөлісті. Шараға Атырау энергетика және құрылыс колледжінің және Қ.Дүтбаева атындағы Атырау мемлекеттік колледжінің студенттері қатысты. Д.Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің әнші-термешілері Берік Амантаев пен Бақытбек Сәрсенов «Ана туралы жырды» және Ш.Қалдаяқовтың «Сен сұлу» әндерін нақышына келтіре орындап, өз өнерлерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мақсаты: Әртүрлі мамандық иелерімен оқырмандар арасында сұхбат ұйымдастыра отырып, мамандықтар туралы ақпарат беру, гендерлік және ұлттық тәрбиеге негізделген басылымдарды насихаттау.