10.09.22
«Ұлт қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінде ұлт ұстазы, тіл білімінің атасы, алаш қайраткері А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ұлт қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы» атты шара ұйымдастырды.
Ахмет Байтұрсынұлы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, халқымыздың бейбіт те берекелі өмір сүруі үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда басын бәйгеге тігіп, «тар жол, тайғақ кешуден» өткен тұғырлы қайраткер. Сонымен қатар Алаш баласының сауатын ашып, елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосуды мақсат тұтқан,
«Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын.
Ел – бүгіншіл, Менікі – ертең үшін», - деген Ахмет Байтұрсынұлы болашақ ұрпақ үшін қызмет етті.
Шара барысында Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмір жолына арналған деректі фильм көрсетіліп, өлеңдері оқылып, кітап көрмесі таныстырылды.
Мақсаты. Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға кеңінен насихаттау.