01.09.22
«Мұнайлы өлкем – ертеңім
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 4 қыркүйек - Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай «Мұнайлы өлкем – ертеңім» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы оқырмандармен сұхбат барысында елімізде мұнай-газ кен орындарын барлау, игеру, ел игілігі үшін өнім өндірудегі геологтардың, барлаушылардың, мұнайшылардың еселі еңбектері туралы мағлұмат берді. Оқырмандарға мұнай және газ кен орындарындағы кенішті игеру кезендері мен ұңғымаларды меңгеру әдістері, мұнай өндіру саласында қолданылатын техникалар мен технологиялары қарастырылған Т.Жұмағұловтың «Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы» («Фолиант», 2013), Г.Доғалованың «Мұнай-газ секторындағы басқару» («Экономика», 2007), «Мұнай құбырларын басқарудың компьютерлік жүйесі» (Алматы, 2002), Х.Суербаев «Мұнай-газ ісінің негіздері» («Фолиант», 2002), сонымен қатар, талай жылдар елге қызмет еткен мұнайшылар туралы айтылған Ж.Ароновтың «Доссор түлектері» («Арыс», 2005), Ү.Жәлеке «Мұнайдан бақыт тапқандар» (Алматы, 2011), М.Бектенов «Қос өзен мұнайшылары» (Алматы, 2008), А.Қатешова «Мұнайлы Кенбай – ырысым» («Арыс», 2005) және т.б. әдебиеттерді таныстырды.
Мақсаты: Оқырмандарға кен орнының тарихы, мұнайшылары туралы мағлұмат беру.