КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

10.05.2023

«Құмда жанған шырақ» әдеби шолу

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Есенжол Домбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай «Құмда жанған шырақ» атты тақырыппен әдеби шолу ұйымдастырылды.

Есенжол Домбаев 1938 жылы 2 мамырда Атырау облысының Индер ауданында Шолақ Шағыл деген жерде туған. Осы ауылдағы Елтай орта мектебін 1956 жылы бітірген соң, Алматыдағы «Қазақфильм» киностудиясында, НИИАТта қара жұмысшы болып істеген.

 1961 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының театр факультетін бітірген. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Ара», «Жаңа фильм» киностудиясында әдеби қызметкер, фельетонист, бөлім меңгерушісі, аға редактор, бірлестік директоры болып қызмет атқарған. ҚазМУдің журналистика факультетінде сырттай оқыған.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

1957 жылы оның Әліби Жангелдиннің Қазан қаласында діни семинарияда оқып жүрген кезінен жазған «Алғашқы сабақ» атты бір актілі драмасы республикалық бәйгеде екінші сыйлық алды. «Біздің ауылда қызықтар бола береді», «Өтірік әңгіме» атты комедиялары облыстық театрларда қойылған. «Кешегі күннің күркілі», «Тәуелсіздік таңы» (2008) пьесаларын жазды. «Ұрпақ қамы» киносценарийдің авторы.

Н.Гогольдің «Мұрын» повесін, М.Салтыков Щедриннің «Бір қаланың тарихы» романын, серб сатиригі Б.Нушичтің «Менің өмірбаяным» (О.Әубәкіровпен бірігіп) аударған, болгар сатиригі Чудомирдің «Ескерткіш» деген атпен шыққан әңгімелерін, түрік сықақшысы Ә.Несиннің әңгімелерін қазақ тілінде сөйлеткен.

Кітапханашы Нсанбекова Бике Карипқызы жазушының «Болмаған оқиға». сатиралық повесть. А., «Жазушы», 1965; Ол осындай адам. Әзіл әңгімелер. А., Жазушы, 1967; Ғашықтық туралы мың бірінші баллада. Сатиралық повесть. А., «Жазушы», 1970; Менің бауырларым. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1977; Жаман Жәутік. Роман. А., «Жазушы», 1980; Жаман Жәутік. Роман. (екінші кітап). А., 2009. т.б. кітаптарына шолу жасап, күлкілі тұстарынан үзінді оқып, оқырмандарға таныстырды.

Мақсаты: Есенжол Домбаевтың қандай қиын жағдай болмасын жол тауып, үлкен адамгершілігін жоғалтпаған қарапайым ауыл адамдарының өмірінен жазылған сатира жанрындағы шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттау. 

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=573984958200457&id=100067668725855&eav=AfZrbsjEqA_41kwuCZMYwpgxzdZjuqmFExJCG84c3EDrGR7ecjYgmetSpMAzlhxiACc&m_entstream_source=timeline&paipv=0

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки