22.06.23
«Мен оқимын, ойнаймын, ойлаймын» көпшілік шара
Атырау қалалық әкімдігінің қолдауымен Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы «Атырау оқитын қала» жобасы аясында Керемет саябағында «Мен оқимын, ойнаймын, ойлаймын» атты көпшілік шара ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының оқырмандарды тарту және кітап оқуды насихаттау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған көпшілік шарада кітапхана қорындағы балаларға және аналарға арналған «Танысыңыз, көріңіз, оқыңыз» атты мерзімді басылымдар көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, балаларға «Мен оқимын» атты логикалық сөзжұмбақ жасырылып, шара барысында ата-аналар мен балаларға арналған түрлі ойындар да ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан қатысушыларға кітапхана атынан естелік сыйлықтар тарту етілді.