04.05.23
«Мен соғыс туралы не білемін - Что я знаю о войне?» кітап көрмесі, викторина
Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 9 мамыр - Жеңіс күніне орай «Мен соғыс туралы не білемін - Что я знаю о войне?» атты тақырыпта, кітапханамызда іс-тәжірибеден өтіп жатқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің филология факультетінің студенттері Өмірзақова Назерке мен Сембиева Жұлдыз кітап көрмесін жасақтап соғыс туралы бейнеролик көрсетіп және осы тақырыпта викториналық сұрақтарды оқырмандар назарына ұсынды.
Кітап көрмесіне: «Ажал аузынан» (1959) Бұл кітапта Қасым Қайсеновтың Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында жау тылында, Украина жерінде басқыншыларға қарсы күресіп, кейін партизандар қатарында болғандығы және қар төсеніп, мұз жастанған ауыр күндерді талай оқиғаларды бастан кешкендігі туралы баяндалады.
С.М.Штеменко «Бас штаб соғыс жылдарында» (1972) автордың 1940 жылы бастаған бұл кітабында, соғыс жылдарында бас штабтың жұмысы жайлы және оның мазмұны туралы терең ойлар мен егжей-тегжейлі сипатталады.
С.Керімбаев кітабында «Еділ – балтық арасында» (1995) кітабында Еділден Балтық жағалауына дейінгі ұрыстарда совет жауынгерлерінің ұрпаққа мұра боларлық ерліктері суреттеледі.
Ғ.Байдербесов, Ұ.Қауысов «Әлия – батыр қызы, сен халқымның» (1995) Бұл кітапта ерлігімен елдің атын шығарған қазақ қызы Әлия Молдағұлова туралы деректер, құжаттар, туған жерінде жасақталған мұражайы туралы айтылады.
Т.Көлбаев «Өшпес даңқ» (2013), Ж.Аупбаев «Рухы күштілер» (2015) Алапат соғыстың от пен жалынына оранған КСРО-ның еуропа бөлігіндегі ұлы айқаста өзге ұлт өкілдерімен қатар қазақ сарбаздарының ерекше көзге түскен ерліктері баяндалады.
«Хиуаз» (2016) Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың өзі жазып қалдырған «Халқым үшін» және «Под командованием Расковой» деген туындыларынан тұрады және т.б. әдебиеттер қойылды.
1.Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
2.Рейхстагқа алғаш болып жеңіс туын тіккен қазақ батыры кім?
3.Шығыстың қос жұлдыздары кімдер?
Осындай викториналық сұрақтар қою арқылы оқырмандар өз ойларын ортаға салып, жауап берді.
Мақсаты: Келешек ұрпақты Отанын сүюге, оны қорғап қадірлеуге, адамгершілікке баулитын әдебиеттерді насихаттау.