1.03.2022 ж.
«Өмірге риза болып, алғыс айт!»
1 наурыз күні елімізде жалпыхалықтық мереке–Алғыс айту күні, бұл күні күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күніне орай Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Өмірге риза болып, алғыс айт!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде қазақстандық патриотизм мен бірлік пен достықты насихаттайтын «Қазақстан - қарашаңырағым», «Тағдырлары табыстырған халықпыз», «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан», «Атырау этностары» /қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде/, «Қазақстан: бірлік және келісім мекені» /қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде/ кітаптары орын алып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Мақсаты: Өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанда этнос аралық келісім мен ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту.