01.03.2023
«Өмірге риза болып, алғыс айт!»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Алғыс айту күніне арналған «Өмірге риза болып, алғыс айт!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға С.Зиманов атындағы №37 мектептің оқушылары мен Х.Досмұхамедов атындағы университет студенттері қатысты.
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні
1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялады.
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
Кітап көрмесінде әр түрлі ұлттағы қазақстандықтардың тарихы, депортациясы және қазіргі өмірі, олардың мәдениеті, дәстүрі, әдет-ғұрпы және өнері туралы кітаптар ұсынылған.
Мақсаты: Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, салт - дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін насихаттау. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.