01.08.2023 ж.
«Ғұмырын ғылымға арнаған» кітап көрмесі
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында геолог, ғалым, геология-минерология ғылымдарының докторы Муфтах Диаровтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ғұмырын ғылымға арнаған» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Муфтах Диаров 1933 жылы Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген. 1978-1992 жылдары ҚазКСР ҒА Мұнай және табиғи тұздар химиясы институтының зертханасын басқарып, 1992-1997 жылдары ҚР ҰҒА Батыс бөлімінің академик-хатшысының орынбасары, 1997 жылдан бері «Атырау-ғылым» АҚ вице-президенті қызметін атқарды. М.Диаров Каспий маңы ойпатында бор және бор-калий тұздарын іздеу мен барлау мәселелерімен айналысты. Минералды тұздарды барлау әдістемесін жасады. Атырау аймағының ғана емес, еліміздің экологиялық ахуалын саралаған ғылыми еңбектері жоғары бағаланды. 350 ғылыми еңбектің және екі патенттің авторы атанды. Оқырмандар назарына М.Диаров «Каспий теңізінің Қазақстандық жағалауы мен айдынындағы жануарлар дүниесі», М.Диаров «Экология и нефтегазовый комплекс» (Полиграфия, 2004), М.Диаров «Закономерности формирования месторождений боросолевых руд» (Эверо, 2010), М.Диаров «Геология галогенных боратов и калийных солей прикаспийской впадины» (Атырау, 2016), М.Диаров «Взаимозависимость коренных и элювиальных боратов» (Алматы, 2014), М.Диаров «Чудо натуры» Индерское озеро самосадочной поваренной соли и его окрестности» (Атырау, 2020) және т.б. әдебиеттер ұсынылды.