19.07.2023
«Оқып, күле жүріңіз»кітаптар шеруі
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында кітап қорындағы сатиралық шығармаларды насихаттау мақсатында «Оқып, күле жүріңіз» атты айдармен кітаптар шеруін іс-тәжірибеден өтіп жатырған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Көптілді білім беру факультетінің, журналистика мамандығының 1 курс студенттері Ардақ Аида мен Ахметова Мөлдір назарларыңызға ұсынады.
Әдебиетіміздің өнімді де, өркенді бір саласы сатираның өз объектісі, өз міндеті, атқарар рөлі, соны жүзеге асыратын құралдары болады.
Сатира жанрлары алға қойған нақты мақсатымен, идеясымен ажыратылады. Сатира поэзиялық (эпиграмма, пародия, сықақ, өлең, карикатура) және прозалық жанры (фельетон, памфлет, сатиралық әңгіме, повесть, роман) болып екі салаға топтастырылған.
Мақсаты: Кітапхана қорындағы сатиралық шығармалармен кеңінен таныстыру.