5.04.2022 ж.
«Парасат биігінен ой толғаған ғалым»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтің туғанына 85 жыл толуына орай «Парасат биігінен ой толғаған ғалым» атты тақырыппен кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтің қазақ әдебиетінің тарихын терең зерттеп, байырғы заманға үлкен шегініс жасап, сақтардың қаһармандық дастандары, ғұндардың батырлық жырлары және ислам дәуірі деп жіктеп керемет зерттеу еңбек жазды. «Ежелгі дәуір әдебиеті» оқулығы ұлттық әдебиеттану ғылымына қосылған айтулы үлесі деуге болады.
Көрмеге қойылған кітаптар: Шәді ақын «Жазушы» 1974 (Орыс және шығыс әдебиетін терең біліп, тек қазақ емес өзбек, түркімен, қарақалпақ елдерінде аты мәшһүр болған Шәді Жәңгіровтың өмірі мен творчествосы туралы жазылған) Ежелгі дәуір әдебиеті «Ана тілі» 1991 ( Түркі тілдес халықтардың әдеби мұраларына талдау жасалады). Көркемдік дәстүр жалғастығы «Елорда» 2000 (Ежелгі түркі поэзиясы және қазақ әдебиеті бастаулары туралы), Ежелгі әдеби жәдігерліктер «Алатау» 2005 (Сақтар мен ғұндар дәуірінен қазақ хандығы құрылған кезеңге дейін көркемдік дәстүр жалғастығы туралы), Үміт үзгім келмейді «Раритет» 2005 (Науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген құштарлығы жайлы) кітаптар ұсынылды.
Мақсаты: Жазушы Н.Келімбетовтің көркем проза мен әдебиет тарихынан сыр шертетін шығармаларын қалың оқырманға кеңінен насихаттау.