20.01.2022 ж.
«Сөз өнерінің сүлейі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында ақын, ғалым, педагог Қадыр Өтегенұлы Жүсіптің туғанына 85 жыл толуына орай жасақталған «Сөз өнерінің сүлейі» атты кітап көрмесі бойынша библиографиялық шолу ұйымдастырылып, әлеуметтік желідегі оқырмандар назарына ұсынылды.
Кітапханашы кітап көрмесін таныстыру барысында жергілікті қаламгер-ғалымның ақын, ҚР Әнұраны авторларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтың шығармашылығы туралы байыпты талдау жасап, докторлық диссертация қорғаған «Жыр жиһазы» (Алматы, «Рауан», 1995), «Жұмекен жұмбағы» (Алматы, «Арыс», 2006) атты кітаптары туралы кеңінен мағлұмат берді.
Сондай-ақ, қаламгер-ғалымның «Естелік» («Өлке», Алматы, 1995), «Асау Атырау» («Ғылым», Алматы, 1997), Т.Ізтаев пен Х.Есенқараеваның «Нурикамал» әнінің тарихына арналған балладасы енгізілген «Уа, сардарым» («Үшқоңыр», Алматы, 2018), жергілікті талантты ақын Гүлзада Ниетқалиеваның шығармашылығы туралы зерттеу еңбегі қамтылған «Шырайлы жырлар» («Атырау-Ақпарат», 2017), «Таңғажайып Бейбарыс» («Арыс», Алматы, 2000), қазақ тарихындағы аңыз тұлғалар туралы мағлұматтарды арқау еткен «Айша Бибі» (Алматы, «Асем-Систем», 2005), «Таңғажайып Бейбарыс» («Арыс», Алматы, 2000), жазушы Әбіш Кекілбаевтың прозасы хақындағы әдеби-сын зерттеуі енгізілген «Шың мен шыңырау» (Алматы, «Арыс», 2000), академик-жазушы Зейнолла Қабдолов шығармашылығы туралы жазылған «Қазақтың Қабдоловы» («Арыс», Алматы, 2005), «Зейнолланама» (Алматы, «Арыс», 2007) т.б. әдебиеттердегі мағлұматтарды әлеуметтік желідегі оқырмандар назарына ұсынды.
Мақсаты: Жергілікті қаламгер-ғалым Қ.Ө.Жүсіптің шығармашылығы туралы әдебиеттерді оқырмандарға насихаттай отырып, өлкеміздің ақын-жазушыларының шығармаларын оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=3156742587900577&id=1699390660302451