КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

04.04.2023.

«Саулық кілті өз қолында» ақпараттық сағат

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 7 сәуір - Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай «Саулық кілті өз қолыңда» атты кітап көрмесі жасақталып, ақпараттық сағат өткізілді. Библиографиялық шолу барысында кітапханашы оқырмандар назарына  адам баласы өз денсаулығын нығайтуға және өзін - өзі емдеу әрекеттері туралы айтылған  Г.Блиновтың «Сау басқа сақина...» («Қазақстан», 1976), Е.Оразақовтың «Денсаулық туралы кеңес» («Ғылым», 1981), Ә.Әмешұлының «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» («Білім», 1999), У.Жарқынбайдың «Саулық кілті өз қолында» («Арыс», 2007), сондай-ақ алғашқы оқыған дәрігерлер туралы А.Әлжановтың «Алғашқы қарлығаштар» және дұрыс тамақтану жолдары туралы айтылған И.М.Скурихин мен В.А.Шатерниковтың «Дұрыс тамақтана білесіз бе?» (1988), У.Жарқынбайдың «Ас – адамның арқауы» (2011), сол сияқты қазақтың халық емдері туралы айтылған т.б. әдебиеттерді таныстырды.

            Мақсаты: Оқырмандарға осы әдебиеттерді таныстыра отырып, адам денсаулығының басты байлық екендігін түсіндіру, денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=553992633533023&id=100067668725855&eav=AfaYPYGDhVwjc2sPfvclz4kQSvFTXiiuV9DivSoX83G8OJ_4PRlK_67i1K6qNjm-dwE&m_entstream_source=timeline&paipv=0

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки