18.08.2022 ж.
«Спорт – ел намыс»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында 21 тамыз – Спорт күніне орай «Спорт – ел намысы» тақырыбында кітаптар шеруі ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына елімізде кең тараған спорт түрлерімен, атақты спортшылар мен жаттықтырушылардың, спорт саласы бойынша ғалымдардың, ұйымдастырушылардың өмірінен мол мағлұмат беретін «Қазақ спортының саңлақтары» (Білім, 2007), А.Құлназаровтың «Қазақстан – спортшылар елі» (2009) «Қазақ олимпиадашылары» 2-томдық (2009), Ө.Жолымбетов «Спорт әлемі» («Сөздік-Словарь», 2010), Ж.Хисымов «Саңлақтар» («Полиграфия», 2010), «Бапкерлік деген-бір ғылым» («Жарыс», 2012), Т.Досмұхамбетов «Намыс сардары» («Жарыс», 2014), «Спорт – ғұмыр» (Алматы, 2014), сондай-ақ жеңіл атлетика, шаңғы, дала жарысы, жүзу, спорт ойындары мен спорт физиологиясының жеке мәселелері туралы айтылған Б.Төтенайдың «Дене тәрбиесі» (Астана, 2012), А.Қыдырмолдинаның «Спорт физиологиясы» (Астана, 2013) және т.б. әдебиеттер ұсынылды.
Мақсаты: Оқырмандарға спорт тарихы, дамуы мен қазіргі жағдайы туралы мағлұмат беру