КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

18.07.2022 ж.

«Тұғыры биік тарлан»

                                                    

         

Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында жазушы, ақын, драматург  Аманжол Шамкеновтың туғанына 95 жыл толуына орай «Тұғыры биік тарлан» атты кітап көрмесі  оқырмандар назарына ұсынылды.

Кітапханашы А. Шамкеновтың өмірі мен шығармашылығы туралы айта келе: қырқыншы, елуінші жылдардағы ақынның лирикасы рухани сұранысқа сәйкес келіп, өлең болып оқылып, ән болып шырқалып, жаралы жандардың сырласына айналғандығын оқырмандарға баяндап берді. Поэзияда шағын лирикадан эпикалық поэма, дастан, тіпті өлеңмен жазылған романға дерлік ірі ілгері туындыларға дейін жазды. Оның драматургиялары «Адасқан қыз», «Құралай сұлу» театр сахналарында сан рет қойылған. Сол сияқты проза жанрында «Толқын үстінде», «Өмір тынысы» атты әңгімелері жарық көрді. Жалпы А.Шамкенов поэзия жанрында жемісті еңбек еткен ақын.

Кітап көрмесіне: А.Шамкенов «Жайлау таңы» (1963), «Жайлау кеші»  (1976), «Таңдамалы» (1977),  «Жайлау-дастан» (1978),  «Шапақ» (1979), «Қамар сұлу» (1994),  «Таңдамалы» (1987), «Сәби үні» (1988),  «Ұстазым» (1990),  «Өмір тынысы» (1996), «Қазақ Совет поэзиясының антологиясы» (1977),  және орыс тілінде «Рассвет на Джайляу» (1965),  «Лирика» (1967),  «Город любви» (1969),  «Мой голос» (1981) тағы басқа кітаптар қойылды.

Мақсаты: Оқырмандарға жазушы, ақын, драматург Аманжол Шамкеновтың шығармаларын кеңінен таныстырып, насихаттау.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0JogUueaSKPWDVQDEUBu2eq46G7Ss7Si6YCBN6nQXBYee61CvHU5Snez3JMLxywN5l&id=1699390660302451&m_entstream_source=timeline

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки