29.05.23
«Тәрбие – отбасынан» слайд шоу
Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Рухани керуен» іс-шаралар кешені аясында отбасы, бала тәрбиесіне қатысты әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Тәрбие-отбасынан» атты слайд шоу жасақталды.
Слайдта бала тәрбиесі, отбасы тәрбиесі туралы Ділда Матайқызының «Айналайындарым менің» 2015, «Ұрпағым, саған айтам...» 2015, К.Бейсенова «Ақ босаға» 1988, «Қазақтың салт-дәстүрлері» 2017, «Ақылды ана» 2017, М.Тоқашбаев «Бақыттың кілті» 2016, З.Мейірханова «Қыздың жолы жіңішке» 1994 тағы басқа кітаптар оқырмандар назарына ұсынылды.
Мақсаты: Кітапханадағы отбасы және бала тәрбиесі жөніндегі әдебиеттерді оқырмандар назарына ұсыну.