15.11.2021 ж.
«Теңге - Тәуелсіз ел таңбасының кепілі»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада 15 қараша -Ұлттық валюта, қаржы саласының қызметкерлері күніне «Теңге - Тәуелсіз ел таңбасының кепілі»деген тақырыпта сұрақ жауап сайысы көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды. Оқырмандарды ұлттық теңгенің шығу тарихы мен экономикаға әкелген жетістіктері туралы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға енуі туралы кең көлемде мағлұматтар беру мақсатында кітапханашы Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, мерзімді басылымдарда жарық көрген «Төл теңгеміз – Тәуелсіздік тірегі» («Ана тілі» 2020 ж., 23 қараша), «Тұғыры берік төл теңге» («Жайық шұғыласы» 2019 ж., 9 қараша), «Төл теңгеміз төрге озған күн» («Егемен Қазақстан», 2019 ж., 12 қараша), «Ұлттық валюта ұлықталды» («Атырау». 2019 ж. №91. 19 қараша), «Теңге тарихына жаңаша көзқарас қажет» («Айқын», 2021 ж. 20 қараша) және т.б. көптеген жарияланымдармен оқырмандарды таныстырды.
Мақсаты: Оқырмандарға Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы мен оның маңызын түсіндіру, ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі туралы мағлұмат беру