5.09.2021 ж.
«Тілім барда тіршілігім кең менің»
Ғ.Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына, Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай «Тілім барда тіршілігім кең менің» тақырыбындағы кітап көрмесі бойынша ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Кітапханашы оқырмандарға кітап көрмесін таныстыру барысында Мемлекеттік тіл – қазақ тілі ұлтымыздың ұлт болып сақталуының, дамуының алтын тірегі мен халықтық белгінің басты шарты екендігін тілге тиек ете отырып, "Тіл туралы Заң" қабылданғаннан бергі уақыттағы тіл тарихындағы оқиғаларды хронологиялық ретпен атап өтті.
Сондай –ақ, оқырмандармен сұхбат барысында кітап көрмесінен орын алған қазақ тіл ғылымының негізін салушы Мәулен Балақаевқа арналған ғылыми мақалалар жинағы «Тілдік жүйе және құрылым» («Ғылым», 1997), Абай заманындағы сөздердің жасалу және өзгеру жүйесі, қолданылуы, әдеби нормалары, грамматикалық тәсілдері туралы «Абай тілі сөздігі» («Өнер», 2011), қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына сүбелі үлес қосқан ғалымның тілтанымдық мұрасының түпнұсқасымен салыстырмалы түрдегі жинағы «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы» («Алашорда» Қоғамдық қоры, 2017) ғаламдық ауқымда жүргізіліп жатқан тілдік құбылыстардың және мемлекеттік тілдің маңызын айқындайтын, тіл ғылымы туралы Дандай Ысқақұлының «Тіл эпопеясы немесе рухани жаңғырудағы қазақ тілінің тарихи миссиясы» («Дәуір», 2020) атты кітаптарды және тағы басқа әдебиеттерді оқуға ұсынды.
Мақсаты: Әрбір Қазақстан азаматы үшін ана тіліміздің орны ерекше екенін түсіндіріп, мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1674850229573008&id=100011441407475