7.07.2022 ж.
«Толқынмен алысқан, балықшылар – арыстан»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 10 шілде – Балық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Толқынмен алысқан, балықшылар – арыстан» тақырыбында экспресс көрме ұйымдастырылды. Оқырмандар назарына балық туралы, балықтың түрлері, ауыл шаруашылығындағы орны туралы ақпарат бере отырып, оқырмандар назарына Жайық-Каспий аумағында кеңес үкіметі кезінде балық өндірісінің қалай құралғанын, 1920-1930 жылдары ауланған балықтардың көлемі жөніндегі мәліметтер бірінші рет жарияланған А.Қарақұловтың «Баламасы жоқ байлық» (Атырау, 2003), республика балықшыларының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жарқын еңбектері және олардың бастарынан кешкен қиын-қыстау кездері, қайыспас қайсар ерліктері туралы айтылған «Теңіз тарландары» (Алматы, 1978), Қ.Саржановтың «Толқынмен алысқан, балықшылар – арыстан» (Алматы, 2019), Арал балықшыларының тағдыры бейнеленген Қ.Саржановтың «Аралдың айтылмаған ақиқаты» (Алматы, 2019) және т.б. әдебиеттер ұсынылды.
Мақсаты: Балық шаруашылығы туралы әдебиеттерді насихаттай отырып, осы кәсіпке жастардың қызығушылығын қалыптастыру.