В областной универсальной научной библиотеке имени Г.Сланова проведен конкурс с целью выявить победителя для участия в областном конкурсе чтецов, посвященное к 80 летию со дня рождения казахского видного поэта, одного из авторов государственного гимна РК Ж.Нажимеденова:«Бір өзі тұтас бір әлем».
Жиналған оқырмандар назарына мерейгер ақын Ж.Нәжімеденовтың шығармашылығы бойынша жасақталған осы тақырыптағы виртуальды кітап көрмесі ұсынылды. Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Сабирова ақын шығармашылығы төңірегіндегі тағылымды деректерді әңгімесіне арқау етті.
Сайысқа қатысқандардың ішінде көркемсөз оқу деңгейімен ерекшеленген оқырман- талапкерлердің бірі,№13 Байбосынов атындағы ұлттық гимназияның оқушысы Н.Жексенбаев ақынның «Жұмсамаңдар, достарым дәрігерге» өлеңімен, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің студенті А.Батырбек «Қайран шешем» өлеңімен және №35 орта мектеп- гимназияның оқушысы Мархаббат Оразова «Бүкіл әлем махаббаттан тұрады» өлеңімен көпшілік ықыласына бөленді.
Жыр додасында көпшілік назарына Ж.Нәжімеденовтың «Ақ түс» өлеңін ұсынған Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің 3 курс студенті Д.Хойшыбай жинаған ұпай саны жағынан басым түсіп, әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаз деп танылып, облыстық көркемсөз оқу сайысына қатысуға жолдама алды. Әділқазылар алқасының төрайымы, Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың басшысы Г.Х.Қалиева сайыс жеңімпазын құттықтап, сый- сияпат жасады. Көркемсөз шеберлерінің сайысына қатысқандардың барлығына алғысын білдіріп, олардың әрқайсысына бағалы сыйлық - кітап сыйға тартты.
Мақсаты: Ж.Нәжімеденовтың шығармаларын жастар арасында танымалдандыру, олардың қабілетін жетілдіру, оларды қолдау.
4 ноября 2015 г