КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

11.10.22

«Жанады ұзақ кей жұлдыз»

 

 

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы журналист Шарбану Бейсенованың туғанына 75 жыл толуына орай «Жанады ұзақ кей жұлдыз» атты кітап көрмесі жасақталып оқырман назарына ұсынылды.

Шарбану Бейсенова 1947 жылы, 14 қазанда Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы Республикалық «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс») журналында  әдеби қызметкер болып бастаған, кейіннен бөлім меңгерушісі болды. 1980 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысты. ҚР Ақпарат министрлігінің Баспа істері жөніндегі департаментінде бас маман әрі жаңадан жарық көрген кітаптардың насихатымен айналысқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде «Кітап әлемі» қосымшасының редакторы болды. Алғашқы әңгіме, новеллалары облыстық «Дидар» (бұрынғы «Коммунизм туы») газетімен «Қазақстан әйелдері» журналында тұрақты жарияланып тұрды. Төл туындыларымен қатар аудармамен де айналысты. Украин жазушысы В.Дроздың, эстон жазушысы Е.Ермановтың, Әзірбайжан жазушысы Анардың, латын жазушысы Д.Рукшаненің, армян жазушыларының жекелеген шығармаларын, Х.Андерсеннің ертегілерін, латиноамерикандық қаламгер Ж.Амадудың «Құм жағалаудың капитандары» атты романын қазақ тіліне аударған.

ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды. «Тағлымды тағдырлар» кітабы үшін Халықаралық  «Алаш» әдеби сыйлығы берілді.

Кітап көрмесіне жазушының соңғы жылдары жазған жаңа туындылары топтастырылған «Мизамшуақ» әңгімелер «Өлке» 2006 ж, тарих қойнауына үңіліп, көне дәуір көріністерін көз алдыңа келтіре отырып, ерге – жар, елге – пана бола білген Сүзге ханымның қилы тағдырын, аласапыран замандағы арпалысқа толы өмірін табиғи қалпында шынайы суреттейтін «Сүзгенің соңғы күндері» хикаяттар мен әңгімелер 1-ші том «Ан Арыс» 2008 ж, заман зобалаңына тап келіп, қиын қыстау күндері бастарынан өткерген бір әулеттің тағдыры баяндалатын «Бір махаббат баяны» Хикаят және әңгімелер 2-ші том «Ан Арыс» 2009 ж, «Сказ об одной любви» Повести и рассказы «Аударма» 2011 ж, сондай-ақ мерзімді басылымдар беттерінен жарық көрген 2016 жылғы «Айқын» газетінің №178 санында «Сүйінбике – түркі халықтарының соңғы әйел патшайымы», 2016 жылғы «Қазақстан әйелдері» журналының №8 санында « Қазақтың үш тотысы», 2017 жылы «Мұқағали» журналының №6 санында «Сағынды ел Сағатын», 2021 жылы «Жұлдыз» журналының №3 санында «Қызай Ана», 2022 жылы «Жұлдыз» журналының №5 санында «Түп аналарымыз жайлы ойлансақ» атты мақалалары оқырман назарына ұсынылды.

Мақсаты: Ш.Бейсенованың өмірі мен шығармасын кеңінен насихаттау, оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=435492615383026&id=100067668725855&eav=Afbib1jhBTorYRkoYVM3amcVK1EinE__cQTgJwr0dHmsmDt-ZrGDRdSuyMHBMlPRI-w&paipv=0#

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки