8.10.2020 ж.
«Жаныңда жүр жақсы адам»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Қалалық еңбек, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемесінің басшысы қызметін атқарған Еңбек ардагері, Атырау қаласының Құрметті азаматы, «Шапағат» медалінің иегері Сүлейменов Сүйеуғали Рахымұлымен оқырмандардың кездесуі ұйымдастырылды. Шара барысында автордың өз еңбек жолынан сыр шертетін «Жан шуағы» атты кітабы туралы және Сүйеуғали Рахымұлының адамгершілік парасаты мен кісілік парызы жайлы толғаныстарын қамтитын А.Кендірбекұлының «Парасат пен парыз» атты кітабы жайында мол мағлұмат берілді. Кеш кейіпкері Сүйеу Рахымұлы өзінің еңбек жолындағы кейбір жайттарды тілге тиек ете отырып, жастарға үлгі боларлық қайырымдылық, адамгершілік қасиеттер туралы әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, кездесу кешінің қонақтары кеш кейіпкерінің әріптестері, атап айтқанда кезінде Қалалық еңбек, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мекемесінің басшысының орынбасары болған Клара Сиражқызы Ермекова, қаладағы Қарттар Үйінің басшысы болған Гүлшара Мұқышқызы Кенжеахметова, Атырау Мемлекеттік университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Қосыбек Салтанатұлы Ирзағалиев, заңгер, меценант Жалғасқали Дүтмағамбетов, «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының үйлестірушісі Серік Нағашыбаев, еріктілер тобының жетекшісі, №37 орта мектептің мұғалімі Орынгүл Шамұратқызы Идрисова бүгінгі таңдағы қайырымдылықтың, адамгершіліктің мәні туралы тағылымды әңгіме қозғады.
https://www.facebook.com/1699390660302451/posts/2792495874325252/