Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханада Жерге орналастыру, геодезия және картография күніне орай « Жердің шұрайы, елдің шырайы» тақырыбында кітап көрмесі жасақталды. Кітапханашы Алмажай Аманқұлқызы кітап көрмесіне құрылыс кезінде кездесетін ізденіс, жобалау және пайдалануға байланысты А.Игильмановтың «Инженерлік геодезия» атты кітабы («Фолиант»,2010), М.Нұрпейісованың «Геодезиялық және маркшейдерлік аспаптар («Фолиант», 2013), орыс тілінде О.Д Климовтың «Практикум по прикладной геодезии («Альянс»,2008), П.Н. Бруевичтің «Геодезия» («Недра»,1985), сондай–ақ жерге орналастыруға байланысты Т.Жанұзақтың «Жер-су атаулары» («Өнер», 2011), Д.Жүнісовтің «Сулы, нулы Жетісу» («Арыс»,2006), «Қазақстан» («Тау-Қайнар», 2017), С.Ләмбекұлы «Қарқаралы» («Фолиант», 2011) және т.б. әдебиеттермен таныстырды.
Мақсаты: Оқырмандарға жерге орналастырудың мәні, жобалау және жоспарлау, жерді қолдану және қорғау жайында түсініктеме беру.