27.04.22 ж.
«Жыр бұлағының қызғыш құсы»
Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Бір өлке - бір жазушы» акциясы аясында ақын Меңдекеш Сатыбалдиевтың шығармашылығына арналған «Жыр бұлағының қызғыш құсы» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Меңдекеш Сатыбалдиев өмірден жас кетседе, әдебиетте халқына рухани азық боларлық мол мұра қалдырған ақын.
Кітап көрмесіне Меңдекеш Сатыбалдиевтың әр жылдары «Жазушы» баспасынан шыққан «Ақмоншақ» (1966), «Шулайды толқын» (1968), «Күн шуағы» (1970) атты өлеңдер жинағы, «Жартастағы жазулар» (1970), «Мөлдір аспан» деген очерктер жинағы, «Қоңыр қозы» (1971) повесі, «Қызғыш құс» таңдамалы шығармалары, «Мен ақ жаңбырмын» кітаптары кітап көрмесіне қойылды. Қырықбай Бекбаевтың «Мұнар күн» кітабында 1959 жылы облыстық радиодан Меңдекеш ұйымдастырған «Жастар дауысы» деген хабар беріледі, ақындар өз өлеңдерін оқиды. Сонда жас ақындар үйлерінде отырып, өз дауыстарын алғаш рет радиодан естіп мәз болысады. Бұл облыстық радиода Меңдекеш ұйымдастырған жаңалықтың бірі болды. Сонымен қатар, кітап көрмесіне М.Сатыбалдиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жазылған жерлес ақындарымыз Нұралы Әжіғалиевтың «Таңдамалы», Өтеген Оралбайұлының «Жылдар мен жолдар», «Өлеңбаян», Берік Қорқытов «Атырау арыстары» кітаптарымен қатар мерзімді басылым беттерінен жарық көрген мақалалары қойылды.
Мақсаты: Ақын М.Сатыбалдиевтың жыр жинақтары мен шығармашылығына арналған әдебиеттерді оқырмандар назарына ұсынып, насихаттау.