КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

«Айқын»,  27 шілде  2018 ж. (№115)

ҚАДЫР ҚАЗЫНАСЫ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Кітап – адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани құндылығы, өмір айнасы, тарих шежіресі, өнер-білім бұлағы. Бүгінде белгілі тұлғалар тарапынан қымбат қазынасын дүйім оқырманға тарту жақсы дәстүр болып  қалыптаса бастады. Қаламгерлердің тартуы, оқырман үшін мол олжа болып отыр.

Атырау облыстық Ғабдол Сланов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ақын, филология ғылымдарының докторы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің

профессоры Қадыр Жүсіптің  өз шығамалары топтамаларын кітапханаға табыс ету шарасы  өтті. Қаламгер ағамыз баспадан жаңа шыққан «Уа, Сардарым!» атты дастандар жинағының 200 данасы мен қатар, республикалық баспадан шыққан әдеби шығармалары, дастандар мен өлеңдер жинақтары, «Зейнолланама», «Қыран самғау», «Қазақтың Қабдоловы», «Жұмекен жұмбағы», «Даланың дархан дауасы» атты кітаптарын облыстық кітапхана қорына тапсырды. Енді облыстық Ғ.Сланов атындағы ғылыми әмбебап кітапхана оқырмандары осы кітаптарды қалаған кезінде алып, оқуға мүмкіндік алды.

Жұмекентанушы, филология ғылымдарының докторы Қадыр Жүсіп студенттерге дәріс берумен қатар, қазіргі таңда Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ашылған «Әбіш Кекілбаев атындағы ғылыми-зерттеу орталығының» директоры қызметін қоса атқарып жүр.

– «Уа,Сардарым» дастаны қазақ халқының біртуар перзенті, қоғам қайраткері, заңгер-ғалым Бекет Тұрғараұлына арналып жазылған. Орбұлақ шайқасына қатысты тағылымды шаралар

ұйымдастырып, Салқам Жәңгір хан мен Жалаңтөс Баһадүрге арнап алып ескерткіш орнатып, ұрпаққа үлгі боларлық істер тындырған азаматтың руханиятқа қосқан үлесіне разы шы лық тың бір парасы осы дастаным болды. Бұл кітапта бірнеше дастан топтастырылған. Оқырманға тартуым болсын деп, кітапханаға тапсырып отырмын, – дейді Қадыр Өтегенұлы.

Жаңа жинақтағы «Алтын бесігім» атты дастан планетаны аялау, жерді сүю, аман сақтау, бейбіт тіршілікті бағалау туралы ойларға толы. «Бір нәзік сәуле» дастаны жан мен тән сұлулығының тіршіліктегі мән-мағынасына толы болуымен оқырманын ойландырса, «Асыланның ерлігі» дастаны Отан үшін, адамзаттың өмірі үшін жанпида боларлық ерлікті дәріптейді. Сондай-ақ осы кітаптағы ақын Ханбибі Есенқарақызы мен сазгер Тұрдықылыш Ізтаевтың «Нури камал» әніне арнаған Қадыр Жүсіптің дастаны, ғашықтық мөлдір сезімнің тереңіне бойлатып, оқырманын «Нурикамал» әнімен қайта-қайта қауыштырар тылсымдылықты сыйлайтынына сенімдіміз.

Сайып келгенде, «Уа, Сардарым» жинағындағы дастандардың барлығы да адами қасиеттерді суреттеп, бүгінгінің қаһармандарын оқырмандармен табыстырады.

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана директорының орынбасары Мейрамгүл Дәулетқалиева қаламгерлердің өз шығармаларын кітапханаға табыс етуі, кітапхана қорын көбейтіп қана қоймай, оқырмандардың іздеген қазынаны жедел табуына ықпал ететінін айтып, ақын,филолог ғалым Қадыр Жүсіпке оқырман атынан алғысын айтты.

                                                      Тұрсын Жұмабекқызы

 

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки