КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

Қаламгерлер шерткен сыр

 Атырауға келген көрнекті жазушылар, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары Әнес Сарай мен Қажығали Мұхамбетқалиұлы Ғабдол Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында оқырмандармен кездесті.

         Жастар жылына орай ұйымдастырылған жиынға қала мектептерінің оқушылары, студенттер және кітапхана оқырмандары жиналып, әдеби туындыларды талқылады. Шарада қатысушылар көкейіндегі сұрақтарды қойып, тың мәліметтер алды. Зейнет жасына келген Жетпіс Жұбанов есімді оқырман кеш қонағы Қ. Мұхамбетқалиұлына:

         -Тарихи кітаптарды оқығанды ұнатамын. Соның ішінде сіздердің кітаптарыңызды осы кітапханадан жиі алып оқимын. Менің ойымша, «Тар кезең» атты романыңыз аяқталмай қалған секілді. Осы туындының жалғасы бар ма? – деген сауал жолдады.

         -Мен әдебиетші, жазушы, романның авторы ретінде айтайын, бұл аяқталған роман. Неге? Себебі, мендегі материалдарды жинақтағанда алдыма мақсат қойғанмын. Сырым бастап, көтерілген халық та өз мақсаттарына жетті деп есептеймін. Біздің тарихымызда қателік бар. Бір көтеріліс болса, сол адамдар қырылғанша жеңу керек немесе басшының өлімімен аяқталуы керек. Менің Сырымның трагедиясын жазу міндетім емес. Бұл халық тарихындағы хандық биліктің дағдарысқа ұшыраған кезінде қарапайым халықтың ішінен шыққан белгілі билер, ақсақалдар осы тығырықтан қалай өтті? Міне, осыны басты мақсатым деп ойладым. Сондықтан да одан әріге барғаным жоқ, - деді жазушы.

         Сонымен қатар, келушілер назарына Әнес Сарай мен Қажығали Мұхамбетқалиұлының еңбектері ұсынылды.

Гүлдана Жамбозова

Жамбозова Г. Қаламгерлер шерткен сыр // Атырау.- 2019.- 4 маусым (№43

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки