КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. Осы орайда кітапханамызда  «Алғыс айту – парызым» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Шараға Атырау қаласындағы «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшелері және «Ынтымақ» өзбек этномәдени бірлестігінің басшысы Кулметов Адхам Ергешбаевич сөз алып, бүгінгі мерекелік күні қазақ халқына деген жылы лебіздерін айтып, жүрек жарды алғыстарын білдірді. Ұлт өкілдері шара барысында өз өнерлерін де ортаға салды.

1 наурыз Алғыс айту күні – күрделі заманды иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.

Кітапхана басшысы Сара Салахединқызы тәуелсіздігіміз тұғырлы, достығымыз берік болсын деген тілек білдіріп, аталмыш бірлестіктерге ұжым атынан алғыс хат пен естелік сыйлықтарын тарту етті.

https://www.facebook.com/reel/369045246101597

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки