КАЛЕНДАРЬ 2025
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

30.04.25

 

          Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен №38 мектеп лицейінде 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне орай «Бір шаңырақ астында» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өтті.

«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Іс-шара барысында халықтар достығының мәні, мемлекетіміздің әр түрлі ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жинаған еліміздегі мерекенің маңызы туралы пікірталастар мен ой бөлісті. Сонымен қатар еліміздің жас ұрпағының рухын көтеру мақсатында бейнеролик көрсетілді. Іс-шара соңында оқушыларға 130-дан астам ұлт өкілдерін бір ту астына жинаған қасиетті мекеніміз жайлы викториналық сұрақтар қойылып, арнайы кітап көрмесі таныстырылды.

Шарада Жомартұлы Сағынғали «Еркесылқым» күй, Мағзом Арай үнді биін, Мағзомов Данияр мен Айдын Аяулым мерекеге арналған өлеңдер оқыды. «Атамекен» әнін хормен орындады.

 Шара №38 мектеп лицейінің ұстазы Мұратова Феризат Мұратқызы  мен 7 сынып оқушылары, кітапханашы Роза Рахметқызы мен «Тхоньиль-Атырау» кәріс этномәдени бірлестігінің  мүшесі Ким Регина қатысты.

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки