КАЛЕНДАРЬ 2024
ON-LINE ПРОДЛЕНИЕ
ВИРТУАЛЬНАЯ СПРАВКА
СЕМИНАРЫ И СОВЕЩАНИЯ
 СМИ о нас
Подпись почетных гостей
Архив афиш
KAZNEB

1 шілде – Ұлттық домбыра күніне байланысты  кітапханамызда «Домбыра - асыл қазына» тақырыбында кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап көрмесін таныстыру барысында кітапханашы қазақ халқының руханиятында алар орны ерекше домбыра аспабы туралы қызықты деректермен бөлісті.

Көрмеде қазақтың домбыра тарту өнері, домбыра аспабының пайда болуы мен қалыптасуы, күй өнерінің шығу тарихы, күйшілер туралы жазылған әдебиеттер насихатталды.

Ұлы мәдени мұрамызды ұлықтайтын мереке – Ұлттық домбыра күні елімізде  2018 жылдан бері тойланып келеді. Ұлттық домбыра күні ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау, оны қайта жаңғырту идеясының төңірегінде халқымызды ұйыстыру мақсатында белгіленген.

Домбыра – көне заманнан бері қазақтың тұрмысымен біте қайнасқан, халқымыздың қуаныш пен қайғысына ортақтасқан ажырамас құнды мұрамыз. Домбыраның әуезді күмбірлеген үні халықтың сан ғасырлы тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын жырлап, батырларға рух, ақындарға шабыт берген. Ал домбырада ойнау өнері мен ұлттық мұраға айналған – күйлер ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып  келеді.

 
БЛОГ БОЛМЫСЫ БӨЛЕК БАРД
БЛОГ ЖЫР-ҒҰМЫР

ТАЙСОЙҒАН ТАРЛАНЫ
Книги с QR кодом
Подари библиотеке книгу!
"Наш край" - электронная база данных
Послания

Символы РК
НОВЫЕ ПОСТУПЛЕНИЯ
 
 
 Полезные ссылки